1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу нәтижесінде халықты МӘМС жүйесімен қамту деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 340 мыңнан астам адамға артты. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің жетінші отырысында айтылды. Қоғамдық-консультативтік кеңестің отырыстары 2024 жылға бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. Онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қатысты мәселелер қаралады.

Осы күнге дейін кеңестің 7 отырысы өткізіліп, өзекті 23 сұрақ қаралды. Әр отырыста Қор басшылығы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы есеп береді. Талқыланған сұрақтардың қатарында медициналық көмекті қаржыландыру, медициналық ұйымдарға төлемдер, олардың кредиторлық қарыздары, келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу, 2024 жылға арналған тарифтерді қайта қарау жоспарлары, цифрландыру мәселелері мен заңнамалық бастамалар бар.

Халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар өткен отырыстың негізгі тақырыбы болды. 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша МӘМС жүйесімен қамтылған халық саны 2023 жылмен салыстырғанда 342 605 адамға артты. Бұл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі мен өңірлердегі Аймақтық штабтардың қызметінің арқасында мүмкін болды. Оның жұмысын Қазақстан Үкіметі үйлестіреді. Халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша Аймақтық штабтардың жұмысын жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі қатысады.

Сондай-ақ, Қордың 2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу жоспарының негізгі тәсілдері және медициналық көмекті қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Қоғамдық-консультативтік кеңес мүшелері азаматтық қоғамның мүдделерін білдіреді. Кеңес мүшелерінің негізгі міндеті – МӘМС жүйесінде ұсыныстар әзірлеу және Қор қызметінің тиімділігін, ашықтығын және айқындылығын арттыруға ықпал ету.

Кеңестің қазіргі құрамында азаматтық қоғам өкілдері, медицина саласының кәсіби мамандары мен пациенттер қауымдастығының өкілдері, депутаттар және тәуелсіз сарапшылардан құралған 15 адам бар.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің келесі отырысы Қор алаңында өтеді деп жоспарлануда. Онда 2024 жылдың алдын ала қорытындылары шығарылып, Қордың Ахуалдық-талдау орталығы таныстырылады және басқа да сұрақтар қаралады.

Қоғамдық-консультативтік кеңестің жұмыс жоспары, Кеңес туралы ереже және оның қолданыстағы құрамымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://msqory.kz/kk/eshche/obshchestvenno-konsultativnyy-sovet/
05.12.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу